Оқиға
1 мин оқу 40

Алтай Республикасында Қазақстан азаматтары мінген көлік апатқа ұшырады

<p><strong>Алтай Республикасының Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Оңғұдай ауданындағы Белый Бом ауылының маңында жеңіл автокөліктің аударылуы салдарынан Қазақстанның 4 азаматы, соның ішінде 15 жастағы қыз жарақат алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алтай Республикасында Қазақстан азаматтары мінген көлік апатқа ұшырады

Оқиға 7 шілде күні сағат 08:00 шамасында болған. Changan X5 Plus автокөлігін басқарған 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен көліктегі үш жолаушы, соның ішінде 15 жастағы қыз түрлі дәрежедегі жарақатпен Оңғұдай аудандық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы – Қазақстан азаматтары», делінген хабарламада.

Алматыдағы жол апаты: Көлік жолайрыққа соғылды

Жүргізіліп жатқан тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркияда жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы қаза тапқан еді.

Бөлісу:
Алтай Республикасында Қазақстан азаматтары мінген көлік апатқа ұшырады · Egemen Qazaqstan