Мемлекеттік кірістер комитеті: Салық айыппұлдарының барлығы бірдей кешірілмейді
<p>Қазақстанда салық заңнамасын бұзғаны үшін салынған барлық әкімшілік айыппұлдар рақымшылыққа ілікпейді. Мұның себебін Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасының басшысы Диас Ахметов түсіндірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Оның айтуынша, Қаржы министрлігі жүзеге асыратын әкімшілік рақымшылық шамамен 2 370 азаматқа қатысты болып, жалпы сомасы 298,4 млн теңгені құрайтын айыппұлдарды қамтуы мүмкін.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір салық құқық бұзушылықтарына рақымшылық қолданылмайтынын хабарлаған болатын.
Алматыда кәсіпкерлерге негізсіз салық жүктеген шенеунік жауапқа тартылды
Диас Ахметовтің сөзінше, мемлекеттік кірістер органдары қарайтын кейбір баптар бойынша айыппұлдар бұрынғы рақымшылық шаралары аясында есептен шығарылған.
«Бұл баптар бойынша рақымшылық қайта жүргізілмейді. Өйткені бұған дейін жеңілдік алғандар мен басқа салық төлеушілердің құқықтары тең болуы тиіс», деді ол.
Сонымен қатар, экономикаға елеулі залал келтіретін құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдар үшін рақымшылық жүргізілмейді. Атап айтқанда, бұл салық салу объектілерін жасыру және салық міндеттемелерін орындаудан жалтару сияқты заң бұзушылықтарға қатысты әрекеттер есептен шығарылмайды.