Президент бірқатар Заң мен Жарлыққа қол қойды
<p>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдар мен Жарлыққа қол қойды. Олардың қатарында Алатау қаласын дамыту мәселелеріне қатысты Жарлыққа енгізілген өзгерістер, «Топырақты қорғау туралы» заң және жер қатынастары мен агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер бар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Мемлекет басшысы «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа;
«Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
