Гонконг компаниялары Alatau City аумағында «жасыл» жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастырып жатыр
<p>Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Towngas және Full Vision Capital компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Тараптар күн энергетикасын дамыту, электр энергиясын сақтау жүйелерін енгізу, экологиялық таза авиациялық отын өндіру және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу мәселелерін талқылады.
Президент: Alatau City құрылысында отандық өнімге басымдық берілуі керек
Кездесу барысында Alatau City аталған технологияларды алғаш болып енгізетін пилоттық алаңдардың бірі ретінде қарастырылды. Атап айтқанда, шатырларға күн электр стансаларын орнату, сондай-ақ деректерді өңдеу орталықтары мен стратегиялық маңызы бар нысандарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге арналған шешімдерді іске асыру жоспарланып отыр.