«Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын жеңіспен бастады

Қайрат УЕФА Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Черногорияның Сутьеска командасынан 2:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті.
Кездесудің 76-шы минутында «Қайрат» қорғаушысы Лукас Африкон есеп ашты. Алайда 90-шы минутта қонақтар сапынан Марко Мрвалевич таразы басын теңестірді.
Дегенмен қосымша уақытта алматылық клубтың шабуылшысы Марк Гуаль екінші голды соғып, өз командасына маңызды жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, «Қайрат» кездесудің 33-минутында да гол соққан болатын. Алайда төреші офсайд тіркеп, гол есепке алынған жоқ.
Қарымта кездесу 15 шілдеде Черногорияда өтеді. Оның қорытындысы бойынша келесі іріктеу кезеңіне жолдама алатын команда анықталады.