Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады (видео)
<p data-start="0" data-end="177"><strong>Әлеуметтік желілерде бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жол апатын жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Полиция мәліметінше, Тoyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген жүргізушінің қатысуымен елордада екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бірнеше көлік зақымдалды, деп хабарлайды </strong><strong><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі бірнеше автокөлікпен соқтығысып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған.
Үш жылдан соң рингке оралған Данияр Елеусінов WBC әлем белбеуін жеңіп алды
Полицияның мәліметінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған көлік анықталып, Достық көшесінде оны тәртіп сақшылары тоқтатты.
«Көлік тізгінінде алкогольдік масаңдық белгілері бар 35 жастағы ер адам болған», деп хабарлады полиция.
Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Сондай-ақ полицияда «жауапкершілік адамның танымалдығына, кәсібіне, лауазымына немесе еңбегіне қарамастан бірдей қолданылады» деп атап өтті.
Айта кетейік, Алматы қаласының Әуезов ауданында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатының салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Жанындағы жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді.