Бокс • Бүгін, 12:25

Үш жылдан соң рингке оралған Данияр Елеусінов WBC әлем белбеуін жеңіп алды

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке оралып, бейбітшілік белбеуін жартылай орта салмақта жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Үш жылдан соң рингке оралған Данияр Елеусінов WBC әлем белбеуін жеңіп алды

Ашық дереккөз

33 жастағы Риодағы Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы үш жылдық үзілістен кейін Алматыдағы бокс кешінде басты шарада өнер көрсетті. Даниярдың қарсыласы филлипиндік 29 жастағы Джо Нойнай болды.

- Алматыдағы All Stars Boxing басты жекпе-жегінде біздің отандасымыз филиппиндік Джо Нойнаянды 5-раундында техникалық нокаутпен жеңді, – делінген жазбада.

Данияр Елеусінов-бокстан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.

Ол 2018 жылы кәсіби боксқа ауысты.