Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс табатын ТОП-10 теннисшінің қатарына кірді
<p><strong>Теннисші Елена Рыбакина әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілер рейтингінде 10-орынға тұрақтады. Оның жалпы табысы – 16,3 миллион доллар. Оның ішінде 11,3 миллион доллар – жүлде қоры, ал 5 миллион доллар – демеушілік келісімшарттардан түскен табыс, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Рейтингтің көшін Карлос Алькарас бастап тұр. Испаниялық теннисші 62,9 миллион доллар табыс тапқан. Екінші орында – италиялық Янник Синнер (59 миллион доллар), ал үздік үштікті америкалық Коко Гауфф (40,3 миллион доллар) түйіндеді.
Елена Рыбакина бельгиялық теннисшіден жеңіліп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады
Үздік ондыққа сондай-ақ Серена Уильямс, Арина Соболенко, Новак Джокович, Чжэн Циньвэнь, Ига Швёнтек және Александр Зверев енген.
2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина биыл Аустралияның ашық чемпионатында жеңіске жетіп, мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді. Осы жетістігінің арқасында ол ракетка мен спорттық киім өндірушілерінен қосымша бонустық төлемдер алған.
Елена Рыбакина WTA чемпиондық рейтингінде үшінші орнын сақтап қалды
Сондай-ақ әлемнің екінші ракеткасы 2025 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанып, жарыстағы 5 матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 5,23 миллион доллар сыйақы иеленді.