Спорт •

Елена Рыбакина бельгиялық теннисшіден жеңіліп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады

1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Теннисші турнирдің үшінші айналымында Элизе Мертенспен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Елена Рыбакина бельгиялық теннисшіден жеңіліп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады

Фото: Sports.kz

Әлемдік рейтингте 27-орында тұрған бельгиялық спортшыға қарсы матчта Рыбакина айқын фаворит саналғанымен, екі сетте 6:7, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, әлемнің 2-ші ракеткасы саналатын Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турниріндегі өнерін үшінші айналымда аяқтады.

Елена Рыбакина WTA чемпиондық рейтингінде үшінші орнын сақтап қалды

Елена турнирдің осы кезеңіне қатысқаны үшін 214 082 еуро табыс тапты. Сондай-ақ ол 130 рейтингтік ұпайға ие болады.

X әлеуметтік желісіндегі танымал «The Tennis Letter» аккаунты сенсациялық нәтижеге тез арада пікір білдірді.

«Неткен тосын нәтиже. Әлемнің екінші ракеткасы жарыстан шығып қалды. Элизе Мертенс Уимблдон-2022 чемпионын екі сетте жеңді. Осы матчқа дейінгі жеке кездесулердің есебі 7:1 болып, Еленаның пайдасында еді. Мертенстің әр ұпай үшін жан аямай күресетін мінезіне құрметпен қарамау мүмкін емес. Ол қатарынан екінші жыл Уимблдонның 1/8 финалына шықты. Бұл – оның әлемнің үздік ондығындағы теннисшіге қарсы 14-жеңісі. Ол расында да фавориттердің басты қарсыласы», делінген жазбада.

Елена Рыбакина Лондон турнирінен кейін Instagram парақшасын өшірді

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваға есе жіберген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар