«Тәртіпбек тәртіпке шақырады»: Павлодарда отбасылық іс-шара ұйымдастырылды
<p><strong>Павлодарда «Тәртіпбек тәртіпке шақырады» атты жарқын отбасылық іс-шара ұйымдастырылды. «Заң және тәртіп» аясында өткен шараны облыстық «Ертіс толқыны» жастар жобасымен Шарбақты ауданы жастары өткізді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Тәртіпбек бейнесі балалардың сүйікті кейіпкерлеріне айналған «Үш мысық» мультфильмінің кейіпкерлері арқылы сомдалып, олардың рөлін ауданның белсенді жастары орындады. Тұрғындар мен қонақтар үшін заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қызықты байқаулар, спорттық эстафеталар мен интерактивті ойындар ұйымдастырылды.
«Заң және тәртіп баланың көзімен». Қалалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды
Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Жаннұр Ахметжанованың мәлімдеуінше, шараның белсенді қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталып, мереке барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер сыйлады.
«Заң және тәртіп»: елордалық студенттер цифрлық сауаттылық сабағын өтті
