Спорт
2 мин оқу 261

Данияр Елеусінов 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айрылып, 20 тәулікке қамалды

<p><strong>Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қатысты іс қаралды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>

Данияр Елеусінов 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айрылып, 20 тәулікке қамалды

Сотта анықталғандай, спортшы алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарып, Астана қаласының көшелерінде үш жол-көлік оқиғасын жасаған.

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзу салдарынан жүргізуші:

  • жерасты автотұрағы қақпасының тірегіне соқтығысқан;
  • басқа автокөлікпен соқтығысып, инерцияның әсерінен тағы бір автокөлікке соғылған;
  • кейіннен Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, соққының әсерінен аталған автокөлік Toyota Hilux автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан көлік құралдары зақымдалып, материалдық шығын келтірілген.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен, оның ішінде медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді. Аталған қорытындыға сәйкес Дания Елеусіновтен алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталған. Сонымен қатар кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, жол-көлік оқиғаларының сызбаларымен, бейнежазбалармен, оқиғаға қатысушылардың түсініктемелерімен және сотта зерттелген өзге де дәлелдемелермен расталды.

Үш жылдан соң рингке оралған Данияр Елеусінов WBC әлем белбеуін жеңіп алды

Елеусіновтің әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Аталған баптың санкциясы 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді.

Алматыдағы жол апаты: Көлік жолайрыққа соғылды

Сот отырысында спортшы өз кінәсін толық мойындады.

Сот ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік қамақты қолдануға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған жоқ. Кодекстің 608-бабы 3-бөлігінің санкциясы баламасыз болғандықтан, сот Данияр Елеусіновті 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Данияр Елеусінов UFC басшысымен келісімшарт жасасты

Айта кетейік, Қазақстанның спортшысы қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөздер айтқан. Сот шешімімен ол айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бөлісу: