Әлем
2 мин оқу 140

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 7 жылға бас бостандығынан айырылды

<p><strong>Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты бұрынғы президент Юн Сок Ёльге қатысты шығарылған үкімді түпкілікті күшінде қалдырды. Ол қамауға алу туралы ордердің орындалуына кедергі келтіргені және төтенше әскери жағдай енгізілгеннен кейінгі оқиғаларға байланысты өзге де айыптар бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұл шешім төтенше әскери жағдай енгізілгеннен кейін 583 күн өткен соң бұрынғы мемлекет басшысына қатысты Жоғарғы сот шығарған алғашқы түпкілікті үкім болды.

Еске салсақ, қаңтар айында бірінші сатыдағы сот бұрынғы президентті 5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Сәуірде апелляциялық сот қосымша айыптар бойынша кінәлі деп танып, жаза мерзімін 7 жылға дейін ұлғайтты.

Прокурор Оңтүстік Кореяның экс-президентіне қайтадан өлім жазасын сұрады

Жоғарғы соттың үшінші алқасы қорғау тарапы мен арнайы прокурордың кассациялық шағымдарын қанағаттандырмай, апелляциялық соттың 7 жылдық жаза туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот айыптаудың негізгі эпизодтары бойынша апелляциялық соттың қорытындыларын заңды деп таныды. Атап айтқанда, бұрынғы президент Жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасының (CIO) қамауға алу жөніндегі бірінші және екінші ордерлерінің орындалуына кедергі келтірді, үкімет мүшелерінің әскери жағдай енгізу мәселесін талқылауға қатысу құқығын бұзды, төтенше әскери жағдай енгізу туралы құжатты әзірлеп, кейін оны жойды, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына жалған материалдар таратты, сондай-ақ тергеуге қорғалған телефон байланысының жазбаларын бермеу туралы тапсырма берді.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 30 жылға сотталды

Жоғарғы соттың маңызды қорытындыларының бірі – CIO мекемесінің бүлік жасау қылмысын тергеуге құзыреті бар екенін мойындауы болды. Сот Конституцияда көзделген қызметтегі президентті қылмыстық жауапкершілікке тартуға тыйым салу нормасы президенттің өкілеттіктерін жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және мемлекет басшысының беделіне нұқсан келтірмейтін жағдайда тергеу жүргізуге толық тыйым салуды білдірмейтінін атап өтті.

Сонымен қатар Жоғарғы сот президенттің күзет қызметінің басшысы келісім бермегеніне қарамастан, тінту жүргізу туралы ордердің орындалуын заңды деп таныды. Сот мұндай бас тартуға нақты негіздер ұсынылмағанын және мемлекеттің маңызды мүдделеріне қауіп төнгені дәлелденбегенін мәлімдеді.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды

Сондай-ақ Жоғарғы сот айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, импичмент салдарынан президент мәртебесінен айырылған Юн Сок Ёльдің бұрынғы басшы ретінде тек мемлекеттік күзетке ғана құқығы сақталатынын, ал заңда көзделген өзге жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалана алмайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 7 жылға бас бостандығынан айырылды · Egemen Qazaqstan