Қоғам
1 мин оқу 31
Астана-Омбы бағыты бойынша рейстер уақытша тоқтатылды
<p>VietJet Qazaqstan әуе компаниясы Ресей аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының белсенділігіне байланысты 9-20 шілде аралығында Астана - Омбы - Астана бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Рейстері тоқтатылған жолаушыларға екі нұсқа ұсынылды: билет құнын, соның ішінде трансферлік бағыттарды қоса алғанда, толық көлемде қайтару немесе 14 шілдеден бастап мүмкін болатын Петропавл арқылы балама бағытты пайдалану.
Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды
Жаңа бағыт бойынша жолаушылар алдымен Астанадан Петропавлға ұшақпен жетеді. Одан әрі Омбыға дейін әуе компаниясы ұйымдастыратын автобуспен жеткізіледі.
Бөлісу:
