Қоғам
1 мин оқу 20

Жарасқанның тілегі

<p style="text-align: left;">1993 жылғы 19 маусым. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Қорағаты ауылына ақын Жарасқан Әбдірашев пен &laquo;Тамаша&raquo; әзіл-сықақ театрының әртістері келді.</p>

Жарасқанның тілегі

Оларды сондағы кең­шар директоры, қазір Тұрар Рысқұлов ауданының құрметті азаматы Асқар Бектенбайұлы ағамыз қарсы алды. Жиында 20–30 адам болды. Қонақтардың құрметіне боз киіз үйлер тігіл­ді, әралуан іс-шара ұйымдастырылды. Жұрт атынан ақынға түйе мінгізілді.

Кеңшар басшысы өз үйінде де оларды мейман қылды. Өкінішке қарай, кеңшар директоры олармен суретке түсіп үлгере алмады. Кешке жақын олар Ленин атындағы кеңшарға кетіп, артынша Алматыға қайтады.

Кетер алдында ақын А.Бек­тен­байұлына жақында ғана жа­рыққа шыққан «Соғыстан соң ту­ғандар» атты кітабына төрт жол өлеңі бар қолтаңба қойып берді:

«Ауылға келіп қалдық Басқарменен,

Таныстық ауыл иесі Асқарменен,

Енді мәңгі есіме ұстайыншы,

Осында ұмытпастай Дос бар деген!

Жарасқан!

19.VI.1993».

Астына «Әл» деп қол қойып, оң жағына ирек салып, қолтаңба қалдырды. Өлеңнің алғашқы жолында аталған Басқар (шын аты Басқарбек) Битанов – журналист, сатирик және публицист. Бір жылға жетпей дүниеден өтті.

Бұл өлең арқылы ақынның ағынан жарылған достық кең пейілін, ниетін, елдің ақынды қалайша алқалайтынын әрі ардақтайтынын аңғара аламыз.

Мінекей, Жарасқан ақын қалдырған қолтаңба жайы осындай...

Бекжан БЕКТЕНБАЙ,

фольклор зерттеушісі, профессор

Жамбыл облысы,

Құлан ауылы

Бөлісу:
Жарасқанның тілегі · Egemen Qazaqstan