Байқау
1 мин оқу 30

Шеберлер сайысы

<p style="text-align: left;">&laquo;Креативті индустрия&shy;ларды дамыту қоры&raquo; дәстүрлі қолөнерді сақ&shy;тау, жаңғырту және оны жас ұрпаққа үйре&shy;туге бағытталған &laquo;Ұлт&shy;тық қолөнер мек&shy;тебі&raquo; республикалық жоба&shy;сы&shy;ның қорытындысын жариялады.</p>

Шеберлер сайысы

Ашық байқауға елі­міздің түкпір-түк­пі­рінен қолөнер шебер­лері қатысуға ниет білдіріп, бар­лығы 330 өтінім түсті. Техни­ка­лық сараптамадан кейін қайталанған өтінімдер алынып тасталып, конкурстық комиссия 271 өтінімді қарады.Іріктеу нәтижесінде үздік 10 шебер анықталды. Олар жуырда Астанадағы «Qazaq Creative Hub» алаңында білім беру бағ­дарламасын бастап, 8–20 жас ара­лығындағы балалар мен жас­тарға ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйретеді.

Жобаға қызығушылық жо­ға­ры болды. Ең көп өтінім оңтүстік өңір­лерден түсіп, олардың саны 137-ге жетті. Бұл жалпы өтінім­дердің 51 пайызын құрайды.

Қолөнер бағыттарының ішінде дәстүрлі тоқыма өнері мен киіз басу ісі көш бастады. Аталған бағыт бойынша 121 өтінім (44,6%) қабылданды. Сәндік-қолданбалы өнер мен этнодекорға – 42 өтінім (15,5%), ұлттық киімдер мен аксессуарлар әзірлеуге – 31 өтінім (11,4%), ал зергерлік өнерге 20 өтінім (7,4%) түсті.

Бөлісу: