Ауа райы
1 мин оқу 52

Алдағы демалыста күн 45 градусқа дейін ысиды

<p><strong>&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктері алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алдағы демалыста күн 45 градусқа дейін ысиды

11-13 шілде аралығында еліміздің батыс өңірлерінде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Ал шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жауын-шашын болғанымен аптап ыстық бәсеңдемейді. Күндіз ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы +33…+40°C аралығында болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде +38…+45°C-қа дейін көтеріліді, осындай күшті және өте күшті аптап ыстық болады.

Бұған дейін АҚШ-та қауіпті ауа райына байланысты 185 миллионнан астам тұрғынға ескерту жарияланғанын жазған едік. 

Бөлісу:
Алдағы демалыста күн 45 градусқа дейін ысиды · Egemen Qazaqstan