Оқиға
1 мин оқу 10

Әли Хаменеи Мешһедте жерленді

<p>Бүгін бір аптаға жалғасқан Ирандағы аза тұту рәсімі аяқталып, осы елдің бұрынғы жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи өзі туған Мешһед қаласында жерленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әли Хаменеи Мешһедте жерленді

3 шілдеде басталған аз тұту рәсімі алдымен Иранның Тегеран мен Құм қалаларында өтіп, одан кейін Ирактың Наджаф және Кербала қалаларында жалғасты. Сосын ұшақпен қайтадан Иранның Мешһед қаласына жеткізіліп, осындағы Имам Реза кесенесіндегі Даруз-Зикр залына жерленді. Мешһедтегі жерлеу рәсіміндегі жаназа дұғасын Әли Хаменеидің үлкен ұлы Мұстафа басқарды.

Иран Аятолла Хаменеидің қазасын растады: елде 40 күндік аза тұту жарияланды

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің әуе соққылары салдарынан аятолла Әли Хаменеи мен оның отбасының бірқатар мүшесі қаза тапқан болатын. Fars агенттігінің хабарлауынша, 3-9 шілде аралығында өткен Әли Хаменеимен қоштасу рәсімдеріне барлығы 41-43 миллион адам қатысқан. Агенттіктің мәліметіне сәйкес, бұл рәсім әлем тарихындағы ең ауқымды жерлеу шеруі саналып отыр.

Бөлісу:
Әли Хаменеи Мешһедте жерленді · Egemen Qazaqstan