Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті
<p>АҚШ президенті Дональд Трампқа жасалған бірнеше қастандықтан кейін қауіпсіздікті арттыру мақсатында Ақ үйдің негізгі кіреберісі жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жұмыстар Пенсильвания даңғылына қараған бағаналы негізгі кіреберіс Солтүстік портик аумағында жүргізілуде. Ақ үй өкілінің айтуынша, бұл жөндеу жұмыстары сыртқы келбетті жаңартуға емес, қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
Солтүстік портикті күшейту жұмыстары қыркүйек айының ортасына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр.
Қауіпсіздік шараларының күшеюі Дональд Трампқа жасалған бірнеше қастандықтан кейін қолға алынған. Сәуір айының соңында Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде Ақ үй тілшілеріне арналған дәстүрлі кешкі ас кезінде атыс дауысы естілген. Іс-шараға Дональд Трамп та қатысқан.
