Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 30

Көліктің терезесінен шемішке қабығын тастаған семейлік жүргізуші жазаланды

<p>Семей қаласында көлігінің терезесінен шемішке қабығын жолға шашқан 35 жастағы жүргізуші сот шешімімен айыппұл арқалады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Көліктің терезесінен шемішке қабығын тастаған семейлік жүргізуші жазаланды

Оқиға Дулатов көшесіндегі теміржол өткелінің маңында болған. Оқиға куәгері жүргізушінің әрекетін бейнежазбаға түсіріп, оны полицияға жолдаған. Тексеру нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталып, іс сотқа жіберілді.

Жүргізушінің алғаш рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын ескерген сот оған 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салды.

Қостанайда заңсыз қоқыс төккен тұрғынға 865 мың теңге айыппұл салынды

Полиция мұндай құқық бұзушылықтар үшін айыппұлмен қатар 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қолданылуы мүмкін екенін еске салды.

Бөлісу: