Президент
1 мин оқу 31
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
<p>Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.
Бөлісу:
