Оқиға
1 мин оқу 42

Анасы ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен: 9 жасар бала тас жолдан табылды

<p>Павлодар облысының Баянауыл ауданында полицейлер таңғы уақытта жол бойында жалғыз жүрген 9 жастағы баланы байқап қалып, оны қауіптен аман алып қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Анасы ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен: 9 жасар бала тас жолдан табылды

Оқиға таңғы сағат 05:00 шамасында патрульдеу кезінде болған. Серпантин жолымен ересектерсіз кетіп бара жатқан баланы көрген тәртіп сақшылары көліктерін тоқтатып, оның қайда бара жатқанын сұраған. Алайда бала қай жерде жүргенін де, қайда бағыт алғанын да нақты айта алмаған.

Полицейлер оны қызметтік көлікке отырғызып, жақын маңдағы полиция пунктіне қарай бет алған. Жолда бала ата-анасы демалып жатқан орынды көрсетуі мүмкін деген үміт болған.

Кейін белгілі болғандай, бала жазғы демалысқа ата-анасымен бірге Жасыбай көліне келген. Таңғы сағат төрттер шамасында әкесі жұмысқа кетіп қалған. Ұйқысынан оянған бала анасы ұйықтап жатқанда әкесін іздеп өздігінен жолға шыққан. Қауіпті сезінбеген ол шамамен 7 шақырым жаяу жүріп, тас жолға дейін жеткен.

Полицейлер баланың ата-анасын жедел тауып, оны аман-есен анасына тапсырды. Оқиғадан кейін анасы және баламен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұндай жағдайдың қайталанбауы ескертілді.

Анасы баласын дер кезінде тауып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Қосшыдағы балабақшада соққыға жығылған 4 жасар қыз мүгедек болып қалғанын хабарлаған едік.

Бөлісу: