Спорт
2 мин оқу 32

Ауыр атлет Нұржан Жұмабай әлем чемпионы атанды

<p>Отандық&nbsp;ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияның Кали қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, серпе көтеруде жаңа әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ауыр атлет Нұржан Жұмабай әлем чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Колумбияның Кали қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 348 келіні (жұлқа көтеруде – 155 кг, серпе көтеруде – 193 кг) еңсеріп, алтын жүлдені иеленді.

Айта кетерлігі, 193 келілік нәтиже жасөспірімдер арасындағы әлемнің жаңа рекорды ретінде тіркелді.

Күміс медальді Испания өкілі Эрик Гуадамуд жеңіп алса, қола жүлде мексикалық Хосе Мантильяға бұйырды.

Осылайша Нұржан Жұмабай әлем чемпионы атанып қана қоймай, халықаралық додада Қазақстанның абыройын асқақтатып, жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік жетістікке қол жеткізді.

 Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Әйгерім Рахатова кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.
Бөлісу: