Испанияда бұқадан қашқан 13 адам жарақат алды

Испанияның Памплона қаласында ұйымдастырылған дәстүрлі Сан-Фермин фестивалі кезінде өткен бұқа жарысында 13 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл сайын өткізілетін мереке аясында қала көшелеріне арнайы өсірілген жауынгерлік бұқалар жіберіліп, қатысушылар олармен бірге жүгіріп өтеді. Биылғы жарыс – сегіз күнге созылатын фестивальдің бесінші кезеңі.
Бұл дәстүр жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристі тартқанымен, қауіпсіздік тұрғысынан ең қатерлі шаралардың бірі саналады. Жарыс барысында қатысушылар жарақат алып, сүйек сындыру жағдайлары жиі тіркеледі.
Соған қарамастан, Сан-Фермин фестивалі Испаниядағы ең танымал мәдени іс-шаралардың бірі болып қала береді.
Айта кетейік, Испанияда мамыр айында аптап ыстықтың салдарынан 101 адам қайтыс болды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болғанын хабарлаған едік.