Әлем чемпиондары жартылай финалда: Аргентина Швейцариядан басым түсті
<p>Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Швейцарияны қосымша уақытта 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Канзас-Ситиде өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Аргентина сапынан Алексис Макаллистер мергендік танытса, швейцариялықтардың қатарынан Дан Ндой есепті теңестірді.
Ойынның 72-минутында Швейцария шабуылшысы Брель Эмболо төрешіні алдауға тырысқаны үшін екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Сан басымдығын пайдаланған аргентиналықтар қосымша уақытта жеңісті жұлып әкетті.
Англия қосымша уақытта Норвегияны жеңіп, жартылай финалға өтті
112-минутта Хулиан Альварес Аргентина құрамасын алға шығарса, матчтың соңында Лаутаро Мартинес тағы бір гол соғып, кездесудің нүктесін қойды.
Осылайша, әлемнің қазіргі чемпионы Аргентина жартылай финалда Англия құрамасымен кездеседі. Ойын 15 шілдеде Атлантадағы стадионда өтеді. Кездесудің басталуы Қазақстан уақытымен 00:00-ге жоспарланған.
