«Қазгидромет» 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады
<p>13 шілде, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріліп, шаңды дауыл, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +34...+36°C.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +39...+41°C.
Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Жел 9–14 м/с. Түнде +23...+25°C, күндіз +32...+34°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 7–12 м/с, екпіні 15 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с-қа дейін күшейіп, екпіні 15–18 м/с болады. Түнде +23...+25°C, күндіз +33...+35°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 4–9 м/с. Түнде +22...+24°C, күндіз +37...+39°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 4–9 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +40...+42°C.
Қостанайда аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Аптап ыстық сақталады. Жел 2–7 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Қызылордада күн ашық. Шаңды дауыл соғады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +22...+24°C, күндіз +41...+43°C.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Петропавлда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.
Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +27...+29°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с, екпіні 14 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +35...+37°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шаңды дауыл күтіледі. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +26...+28°C, күндіз +40...+42°C.
Оралда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C.
