Бибісара Асаубаева беделді шахмат турнирінің ширек финалына шықты
<p>Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women's Speed Chess Championship онлайн турнирін сәтті бастап, Өзбекстан өкілі Афруза Хамдамованы сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

1/8 финалдық кездесуде қазақстандық гроссмейстер қарсыласынан үш ойын кезеңінің барлығында басым түсті.
Алдымен уақыт бақылауы 5+1 болатын блицте Асаубаева 3,5:1,5 есебімен жеңіске жетті. Кейін 3+1 форматындағы кездесуде 4:1 есебімен басымдық танытты.
Матчтың қорытынды бөлігінде, яғни 1+1 уақыт бақылауымен өткен пуля форматында да қазақстандық шахматшы қарсыласын 3:1 есебімен ұтып шықты.
Осылайша, Бибісара Асаубаева беделді Women's Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына жолдама алды.
