Максим Балабин Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
<p>Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында отандасымыз Максим Балабин қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Сырықпен секіру сайысында Балабин 5,05 метр нәтижесін көрсетіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Алтын жүлдені 5,45 метр көрсеткішпен Катар өкілі Сейфелдин Абдельсалам иеленсе, күміс медаль 5,20 метр биіктікті бағындырған Қытай спортшысы Жуй Люге бұйырды.
Сондай-ақ әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Мария Шувалова төртінші орын алса, Анна Шумило алтыншы болып мәреге жетті.
400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Екатерина Колода бесінші орынға тұрақтады. Ал Анастасия Цвиркунова жарысты алтыншы нәтижемен аяқтады.
