Құрылтай
3 мин оқу 65

Сарапшы: Бір палаталы Парламент жауапкершілікті күшейтеді

<p>1 шілдеден бастап&nbsp;елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Жаңартылған Ата заң аясында Қазақстанның заң шығарушы жүйесінде түбегейлі өзгеріс жүзеге асырылып, бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай институты құрылып жатыр. Саяси науқан алдында&nbsp;<a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>&nbsp;тілшісі көптің көкейіндегі сауалдарға жауап іздеп көрді.&nbsp;</p>

Сарапшы: Бір палаталы Парламент жауапкершілікті күшейтеді

Сайлау науқаны алдында жаңа конституциялық институттардың рөлі қоғам назарындағы басты тақырыптардың біріне айналды. Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Нұрдәулет Затилланың айтуынша, Парламенттік реформаның негізгі мақсаты – билік институттарын халыққа барынша жақындатып, шешім қабылдау үдерісін ашық әрі инклюзив ету болып отыр.

«Осындай қадамдар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сай сайланбалы органдардың мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға пәрменді серпін береді деуге болады. Осы ретте Құрылтай сайлауы еліміздің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртып, мемлекеттік басқару үлгісін оңтайландырудың жаңа белесі болады деуге негіз бар. Алдағы сайлау арқылы қалыптасатын жаңа өкілді орган қоғамдағы әр әлеуметтік топтың үнін билік мінберіне жеткізіп, саяси бәсекелестікті жаңа деңгейге көтереді», дейді сарапшы.

Абзал Құспан: Сайлаудың сапасы партиялардың кадрлық әлеуетіне байланысты болады

Сарапшы жаңа Конституция аясында құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің заң шығару процесіндегі рөлі қандай болатындығы жөнінде де пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл құрылым азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың және белсенділердің бастамаларын заңнамалық деңгейге жеткізетін маңызды тетікке айналмақ.

«Жаңа Конституция аясында құрылған Қазақстан Халық Кеңесі – халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультатив орган. Оның заң шығару процесіндегі рөліне келетін болсақ, ол азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы тікелей әрі пәрменді алтын көпір қызметін атқармақ. Осы арқылы азаматтар заң шығару саласындағы негізгі миссиясы ретінде қабылданып жатқан құжаттардың халықтың шынайы сұранысына қаншалықты сай келетінін бақылап, аса маңызды мемлекеттік мәселелерді жалпыхалықтық талқылау мен референдумға шығару ісіне ықпал ете алады», дейді Нұрдәулет Затилла.

Бір палаталы Парламентке көшу заңдардың жедел қабылдануына ықпал еткенімен, олардың сапасына кері етуі мүмкін деген пікір айтылып жатады. Нұрдәулет Затилланың сөзінше, бұл керісінше, өкілетті органның жауапкершілігін арттыруы мүмкін.

«Бір палаталы Парламент жүйесіне көшу заң шығару үдерісін едәуір жеделдетіп, артық бюрократиялық кедергілерді жоятыны анық, алайда бұл міндетті түрде заңдардың сапасына кері әсер етеді деген сөз емес. Керісінше, бұған дейін заң жобалары екі палата арасында біршама уақыт талқыланып, саяси жауапкершілік те қос палатаға бөлініп келсе, жаңа модель бойынша бүкіл құқықтық жауапкершілік бір органға жүктеледі. Бұл әр депутаттың әр құжатқа аса үлкен жауапкершілік таныта қарауына септігін тигізеді деуге болады. Оның үстіне заң жобаларын жан-жақты сараптаудан өткізетін Құрылтайдың ішкі сүзгілері де бар», дейді ол.

Сарапшы сондай-ақ Құрылтайда заң жобаларын үш оқылымда қарастыру тәртібі мен e-Parliament (Электрондық парламент) сияқты цифрлық құралдардың енгізілуі заңдардың жан-жақты сараптамадан өтуіне мүмкіндік беретінін айтты.

Үміткерлерді іріктеу және 30% шектеу: Сайлау жарнасы қалай есептеледі?

Еске сала кетейік, елімізде Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Құрылтай сайлауына саяси партиялар кандидаттар тізімін бекітіп үлгерді. Атап айтқанда, «Ауыл» партиясы – 69«Ақ жол» партиясы – 63Қазақстан Халық партиясы – 72Respublica партиясы – 76Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – 33, ал «Байтақ» жасылдар партиясы 51 кандидат ұсынды. Сондай-ақ «Әділет» партиясы сайлауға 186 кандидатты бекітті. 

Бөлісу: