BaiQymyz-2026: фестиваль қонақтары тазалық акциясына атсалысты
<p>Астанада BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалінің алғашқы күнінде экологиялық акция өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Фестиваль қонақтары еріктілермен бірге аумақты тазалау жұмысына қатысып, қалған қоқысты жинап, іс-шара өткен орынды ретке келтірді. Бұл акция мерекелік бағдарламаның жалғасы ретінде ұйымдастырылып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.
Астанада «BaiQymyz-2026» халықаралық гастрофестивалі басталды
Қатысушылардың айтуынша, мұндай бастамалар көпшілік қатысатын іс-шаралардан кейін тазалықты сақтауға ғана емес, экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.
Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі 11-12 шілде күндері елордадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Бағдарлама аясында ұлттық тағамдардың дәмін тату, көрмелер, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты шоулары, отбасылық алаңдар мен танымал өнерпаздардың концерттері ұйымдастырылған.
