Оқиға
1 мин оқу 27

Үш жылға сотталған экс вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

<p>Өткен жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, үш жылға бас бостандығынан айырылған&nbsp;бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үш жылға сотталған экс вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот шешімі негізінде Ерлан Қожағапановтың өтелмеген жаза бөлігі айыппұл түріндегі жазаға ауыстырылған.

«Жазаны ауыстыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және сот үкімін орындауға қатысты өзге де мәселелер бойынша материалдарды қарау мен шешім қабылдау тек сот органдарының құзыретіне жатады», деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Алматы облысында экс-депутат 2,6 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Айта кетейік, 2024 жылдың наурыз айында бұрынғы вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оны 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікпен ұстаған.

Атырау қаласы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар сыбайлас жемқорлық бойынша 6 жылға сотталған еді. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол «материалдық көмек» ретінде рәсімделген қаржыға құны шамамен 13 млн теңге болатын 2021 жылғы Toyota Camry көлігін алған.

Бөлісу: