Жаңалықтар
1 мин оқу 350

Қарқаралының кәсіпкерлері грантқа қарық болды

14-10-2015-grant 01ҚАРАҒАНДЫ. 14 қазан. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында ауылдық кәсіпкерлер құлпынай өсіруге және қоян фермасын ашуға арналған гранттарға ие болды. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы сомасы 1,8 миллион теңге болатын екі грантты қарқаралылық кәсіпкер Жігер Кәрімұлы алды. Ол бұл қаржыға қоян өсіретін ферма ашпақшы. Ал гранттың ең қомақтысы – 2,8 миллион теңге құлпынай өсіру жөніндегі жоба ұсынған қарағайлылық кәсіпкер Жандос Қонысбаевқа бұйырды. Бұдан бөлек, Қарқаралыда сұлулық салоны мен Қарағайлыда наубайхана ашуға және ағаштан жасалатын кәдесый өндірісіне гранттар бөлінді. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қарқаралының кәсіпкерлері грантқа қарық болды · Egemen Qazaqstan