Жаңалықтар
1 мин оқу 350

Тағайындаулар

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.  
Бөлісу:
Тағайындаулар · Egemen Qazaqstan