Жаңалықтар
2 мин оқу 99

Велоспорт. «Джиро д'Италия». Контадордың қарқыны күшейді

22-05-2015-astana pro team 01АСТАНА. 22 мамыр. Велоспорттан Италияда өтіп жатқан «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 12-кезеңі аяқталды. Бұл жолы велоспортшылар Имоладан Виченцаға дейінгі аралықты жүріп өтті. Нәтижесінде BMC Racing Team командасының өкілі, бельгиялық Филипп Жильберт кезең жеңімпазы атанды. Ол 190 км.-ге созылған жарыс жолын 4 сағат 22 минут 50 секундта жүріп өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Екінші болып мәреге жалпы есепте көш бастап келе жатқан испан спортшысы Альберто Контадор келсе (+0,03 сек., Tinkoff-Saxo велокомандасы), үздік үштікті Словения сенім артқан Диего Улисси (+0,03 сек., Lampre-Merida велокомандасы) түйіндеді. Жалпы есепте екінші келе жатқан «Астана» кәсіби велокомандасының капитаны, итальян Фабио Ару бұл кезеңде 26-орыннан көрінді (+11 сек.). «Астана» спортшылары сапынан ең үздік нәтиже Паоло Тиралонгоға тиесілі. Жеңімпаздан 0,03 секунд қалып қойған ол мәреге 6-шы болып жетті. Осыған сәйкес Контадор мен Арудың арасындағы уақыт айырмасы 17 секундқа жетті. Үшінші орында «Астана» командасының өкілі, испан Микель Ланда келеді. Сондай-ақ, 4-сатыға да «Астананың» тағы бір велоспортшысы Дарио Катальдо жайғасқанын айта кетейік. Жарыс кестесіне сәйкес 13-кезең 22 мамырда өтеді (Монтеккьо Маджоре – Хесоло, 147 км.). 12 кезең нәтижесі бойынша алғашқы ондықтағы велоспортшылар тізімі төмендегідей. 22-05-2015-astana pro team 02 Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: astanaproteam.kz.
Бөлісу:
Велоспорт. «Джиро д'Италия». Контадордың қарқыны күшейді · Egemen Qazaqstan