Жаңалықтар
1 мин оқу 280

Бірқатар өзекті мәселелерді талқылады

55-2Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түркия арасын­дағы екіжақты өзара іс-қимыл­дың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты. Сонымен қатар, тараптар Түркітілдес елдердің Мемлекет басшыларының 11 қыркүйекте Астанада өтетін бесінші сам­ми­тінің маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесуге түрік тарапы бас­тамашы болды.
Бөлісу:
Бірқатар өзекті мәселелерді талқылады · Egemen Qazaqstan