Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 464

Үлескерлер мәселесі қаралды

27 қарашада Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсі­мов­тің төрағалығымен үлескерлік құрылыстағы проблемалық мәсе­лелерді шешу жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің кезекті оты­рысы өтті, деп хабарлады Пре­мьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырыс барысында үлескер­лердің қатысуымен салынған тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, үлескерлерге келтіріл­ген зиянның орнын толтыру үшін өз істеріне жауапсыз қараған құ­ры­лыс компаниялары иелерінің ак­тивтерін,  оның ішінде – шетелге заңсыз шығарылған капитал және мүліктерін қайтару бойынша мем­лекеттік органдардың бірлескен іс-қимылының жоспарын іске асыру барысы қарастырылды.
Бөлісу: