Жаңалықтар
1 мин оқу 331

Ганада жол апатынан 71 адам қаза тапты

18-02-2016 Ghana АСТАНА. 18 ақпан. Гана астанасы Аккра қаласында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алғашында 53 адамның мерт болғаны хабарланғанымен, кейіннен 71 адам қаза тапқаны белгілі болды. Сондай-ақ, 23 адам түрлі жарақат алды. Зардап шеккендерге дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 13 адамның жағдайы тым ауыр. Апаттың негізгі себебі әзірге белгісіз. Алайда, жолаушылар автобусының техникалық ақаулары себеп болуы мүмкін деген болжам жасалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Аян Әбдуәли. Дерек: zakon.kz. Сурет: 24.kz.
Бөлісу:
Ганада жол апатынан 71 адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan