Жаңалықтар
1 мин оқу 325

Сомалиде қос жарылыстан 40 адам қаза тапты

29-02-2016 somaliАСТАНА. 29 ақпан. Сомалидің Байдоа қаласында қос жарылыстан 40 адам қаза тауып, 70 адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Содырлар алғашқы жарылысты көпшілік жиналған дәріхананың алдында ұйымдастырған болса, екіншісін жақын жердегі мейрамханалардың бірінде іске қосты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Өткен жұма күні Сомалидің астанасы Могадишо қаласында SYL Hotel қонақ үйінде лаңкестердің шабуылынан 10-нан астам адам мерт болып, 21 адам түрлі дене жарақатын алған. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: tvc.ru.  
Бөлісу:
Сомалиде қос жарылыстан 40 адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan