Жаңалықтар
1 мин оқу 250

Елбасының Жарлығымен Энергетика министрі тағайындалды

25-03-52016-BozumbaevАСТАНА. 25 наурыз. Мемлекет басшысының Жарлығымен Энергетика министрі болып Қанат Бозымбаев тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған  «Қ.А. Бозымбаевты Қазақстан Республикасының энергетика министрі қызметіне тағайындау туралы» жарлықта «Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын», – делінген. Талғат Райымбек. Дерек: akorda.kz. Сурет: informburo.kz.
Бөлісу:
Елбасының Жарлығымен Энергетика министрі тағайындалды · Egemen Qazaqstan