Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Иранда тікұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

26-03-2016 helicopterАСТАНА. 26 наурыз. Иранның оңтүстігінде жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпрат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Тікұшақ бортында 6 экипаж мүшесі, фельдшер және 3 науқас болатын. Апат салдарынан бәрі қаза тапты. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30 кезінде болды», – делінген хабарламада. Тікұшақ Шираз қаласына қарай бет алған. Бірақ аталған жерге 20 километр қалғанда апатқа ұшырады. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: trend.az.
Бөлісу:
Иранда тікұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan