Жаңалықтар
1 мин оқу 396

Жауапкершілікке тартылады

2016 жылғы 1 мамырда әлеуметтік желілер мен мо­бильді қосымшаларда Қы­зыл­ордада полиция қызмет­керлерінің қолынан зардап шеккен делінген ер адамның фотосуреті тарап кетті. Аталмыш ақпарат шындыққа сай келмейді, яғни жалған әрі аран­датушылық сипатқа ие.

1 мамыр күні Қызылорда облысында полиция қызмет­керлері мен азаматтар арасында дене жарақаттары салынуы­на, денсаулығы мен өміріне зиян туғызатын салдарлардың орын алуына ықпал ететін қақтығыстар орын алған жоқ.

Аталмыш фотосурет http://www.ajanshaberler.com/cinde-kopek-calandar-linc-edildi-41897.html сайтынан алынып, 2015 жылдың ақпан айында Қытайда болған оқиға екендігі белгілі болды.

Арандатушылық дерегі бо­йын­ша Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті тер­геу жұмыстарын бастады. Аран­датушылар жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлады Қызылорда облыстық ІІД  баспасөз қызметі

Бөлісу:
Жауапкершілікке тартылады · Egemen Qazaqstan