Жаңалықтар
2 мин оқу 262
Ілкімді іс-қимыл танытылатын шақ
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет отырысында бірқатар шешім қабылданды
Кеше Үкімет Үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 мамырдағы кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша Үкімет отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыс барысында Премьер-Министр «Президент тарапынан жалпы Үкіметке және жеке министрліктерге қатысты жер заңнамасын жүзеге асыру мәселелері бойынша орынды сын айтылғанын» баса айтты.
«Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бірнеше шешім қабылдауымыз қажет», – деді К.Мәсімов.
Сонымен, Премьер-Министр мыналарды тапсырды:
- Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысы жариялаған Жер кодексінің кейбір нормаларына келесі жылға дейінгі мораторийден туындайтын сәйкес шаралар қабылдау.
- Қысқа мерзімде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың басшылығымен Жер заңнамасын түсіндіру бойынша комиссияның тиімді жұмысы үшін қажетті шаралар қабылдау.
- Жер қатынастарын реттеу саласындағы мәселелерді Ұлттық экономика министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсыру.
- Инвестициялар және даму министрлігінен ақпарат саласындағы сәйкес функцияларды тапсыра отырып, Қазақстан Республикасының жаңа министрлігін құру бойынша қажетті рәсімдер жүргізу.
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша Іс-қимылдың жол картасын әзірлеу.
- Білім және ғылым министрлігіне орта мектептерде оқу жылын ұзарту мәселелері бойынша және үш тілді білім беруді енгізу мерзімдері туралы қоғамның пікірін зерттеу.
- Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваға өңірлердегі консультациялық орталықтармен бірге Үкімет жанындағы бірыңғай сall-орталық – жүргізілген реформалар туралы түсіндіру үшін «жедел желі» құру.
Бөлісу:
