Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасымен кездесті
<p style="text-align: justify;">ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Ұлы ұлттық жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Елбасы Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдағы даму динамикасын атап өтті және М.Шентоптан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға өзінің ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазақ-түрік ынтымақтастығының дамуы үшін жұмыс істеп келемін. Қазір біздің қарым-қатынас серпінді дамып келеді. Біз президент Ердоғанмен үнемі байланыстамыз», деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өз кезегінде М.Шентоп жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді және Түркия Республикасы Президентінің сәлемін жеткізді.

