Жеңіл атлетика
1 мин оқу 60
Алина Чистякова Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлады
<p><strong>Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Алина Чистякова Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>

Отандасымыз бессайыстан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 4181 ұпай жинады.
Күміс жүлдені қытайлық Сюй Цзяхуань (4091 ұпай) иеленсе, тағы бір Қытай спортшысы У Чжэн 4013 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Нора Джеруто қола жүлдеге ие болған еді.
Бөлісу:
