Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
<p><strong>Бүгін Астана қаласының Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тілсіз жауды жедел ауыздықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Оқиға он екі қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, пәтердегі керме төбе (натяжной потолок) өртенген.
ТЖМ бөлімшелерінің кәсіби іс-қимылының арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, жалынды қысқа уақытта оқшаулап, толықтай сөндірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салады.
