«Жасыл ел»: Алматы облысының жастары 100-ден астам көшет отырғызды
<p><strong>Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>
Маусымның ашылуы аясында қатысушылар 100-ден астам көшет отырғызып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттайтын экологиялық акцияға атсалысты.
Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысына 34 мыңнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Жоба дәстүрлі түрде жастарды еңбекке баулуға, экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға үндейді.
Жастар еңбек жасақтарына жұмысқа орналасу бойынша ақпаратты әрбір өңірде орналасқан жастар ресурстық орталықтарынан білуге болады.
