ЭЦҚ қолданушылары үшін жаңа қауіпсіздік шарасы іске қосылды
<p>«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) жеке кабинетінде пайдаланушыларды авторизациялау кезінде екі факторлы аутентификация енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңа талапқа сәйкес, енді пайдаланушылар жеке кабинетке кіру үшін электрондық цифрлық қолтаңба мен құпиясөзден бөлек, қосымша растаудан өтуі қажет.
Қосымша тексеру екі тәсілдің бірі арқылы жүзеге асырылады. Біріншісі – Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік кодты енгізу. Екіншісі – eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық жеке куәліктен алынған кодты пайдалану.
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
Аталған талап Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмеген Қазақстан Республикасының резиденті емес азаматтарға қолданылмайды.
Компанияның мәліметінше, қосымша қорғаныс шарасы пайдаланушылардың аккаунттарын қорғауға, сондай-ақ дербес деректерге заңсыз қол жеткізу әрекеттерінің алдын алуға бағытталған.
