Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған
<p>Түркістан облысында 360-тан астам мемлекеттік мекеменің экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Прокурорлық тексеру барысында білім беру, спорт және денсаулық сақтау салаларындағы 362 ұйымның міндетті экологиялық рұқсат құжаттарын уақытылы рәсімдемегені немесе жаңартпағаны, сондай-ақ өз нысандарының экологиялық санатын белгілемегені белгілі болды.
«Таза Қазақстан»: Экологиялық талапты бұзған 102 әкім жауапкершілікке тартылды
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қарағанды облысында кәсіпорындардың бірі экологиялық заңнама талаптарын өрескел бұзған
Қазіргі уақытта аталған мекемелер анықталған заң бұзушылықтарды жою жұмыстарын жүргізіп, қажетті экологиялық құжаттарды рәсімдеуге кіріскен.
