Еліміздің оңтүстігінде 42 градусқа дейін күн ысиды
<p><strong>«Қазгидромет» Қазақстан бойынша 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтерілсе, батыстың бірқатар аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Астанада соңғы 85 жылда болмаған ең ыстық ауа температурасы тіркелді
Елордада күн ала бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы күндіз +34…+36 градусқа дейін жетеді. Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, сынап бағаны +33…+35 градусты көрсетеді. Ал Шымкентте күндіз +38…+40 градусқа дейін ыстық болады.
Ең жоғары температура Қызылорда мен Түркістанда болжанып отыр. Бұл өңірлерде күндіз ауа +40…+42 градусқа дейін ысиды.
Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қалған өңірлерде күн ашық болып, ауа температурасы +28…+37 градус аралығында сақталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» шілде айында елімізде 44 градусқа дейін күн ыситындығын хабарлаған еді.
