Бүгінгі теңге бағамы қандай?
<p><strong>Ұлттық банк 10 шілдеге арналған ресми валюта бағамдарын жариялады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ұлттық банктің мәліметінше, бүгін доллар – 467,41 теңге, еуро – 548,12 теңге, рубль 6,14 теңге деңгейінде белгіленді.
Қазіргі уақытта Астана қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 464,99 теңге, сату бағамы – 471,93 теңгені құрайды. Еуроны сатып алу бағамы 545,80 теңге болса, сату бағамы – 553,10 теңге болып отыр. Ал рубль 5,74 теңгеден сатып алынып, 6,05 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстаннан заңсыз жолмен 350 мың долларды шығармақ болған шетелдік ұсталды
Алматы қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 466,94 теңге болса, сату бағамы – 469,38 теңгеге жеткен. Еуро 546,10 теңгеден сатып алынып, 551,20 теңгеден сатылып жатыр. Рубль 5,79 теңгеден сатып алынып, 5,93 теңгеден саудаланып жатыр.
Айта кетейік, доллардың бағамы 9 шілдемен салыстырғанда 0,57 теңгеге арзандады. Еуро да аздап арзандап, 548,45 теңгеден 548,12 теңгеге дейін төмендеді. Ал рубль керісінше 0,03 теңгеге өсті.