Спорт
1 мин оқу 31

Испания әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

<p>Испания құрамасы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Бельгия командасын 2:1 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Испания әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Испандар сапынан Фабиан Руис пен Микель Мерино мергендік танытса, Бельгия құрамасының жалғыз голын Шарль де Кетеларе соқты.

Айта кету керек осы ойында Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симонның гол өткізбей келе жатқан рекордтық сериясы аяқталды. Ол 649 минут бойы өз қақпасына гол жібермеген еді. 

Ал Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа жарақатына байланысты 71-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оның орнына «Манчестер Юнайтедтің» қақпашысы Сенне Ламменс ойынға қосылды.

Осылайша, Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Енді испандар 14 шілде күні АҚШ-тың Даллас қаласында Франция құрамасымен финал жолдамасын сарапқа салады.

Бөлісу: